Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

ҚМДБ: Жүректі елжіретіп, көзге жас үйірген кеш (ФОТОРЕПОРТАЖ)

 

Алматы қаласындағы Республика сарайында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына байланысты мәуліт кеші өтті.

Рухани кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы, мүфтият қызметкерлері, облыстың бас имамдары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

«Өнер қырандары» театрының пайғамбарға сағыныш, ата-ананың қадірі, туысқандық қарым-қатынас, мешіт салудың сауабы сынды тақырыпта қойған сахналық көріністері жамағаттың жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиевтің орындауындағы «Ана қідірі» термесі де сарайға жиналған қауымды тебірентіп, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісін паш етті.

Кеш барысында адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, дұға жасалды.

Сахнаға шығып, жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтаған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Біздің, мұсылман үмбетінің күнделікті тіршілігімізде Алла елшісінің өнегелі сөздері басшылыққа алынып, көрініс табуы тиіс. Пайғамбарға адалдық осыдан басталады деп ойлаймын. Біз пайғамбар сүннетіне қаншалықты адалмыз? Міне, осы сұрақ әр мұсылманды мазалауы қажет деп санаймыз. Бүгінгі шарада ерекше өнерімен халыққа пайғамбардың өнегелі өмірін насихаттаған «Өнер қырандары» театрының ұжымына, ақын Дидар Қамиевқа, мәуліт кешін ұйымдастырған дін қызметкерлеріне, Алматы қаласының имамдарына айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Мәуліт мүбәрак болсын, ағайын», – деді.

Шара соңында жамағатқа құнды рухани кітаптар тегін үлестірілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz    

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    08 желтоқсан 2017 жыл Қарағандылықтардың назарына!
    22 қараша 2017 жыл Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырыды
         ҚМДБ - ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыыұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық имамдар мен дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі", "Имамның тұғырлық бейнесі", "ҚМДБ ның қызметкерлерінің этикасы" және "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы", "ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы" қатарлы құжаттардан сынақ тапсырған болатын. Осы мақсатта Жезқазған аймағына қарасты барлық имамдар Жезқазған қаласы, "Ахмет Ишан Оразайұлы" мешітіне қарасты сауат ашу курсында эмтихантапсырды.             Сынақ төрағасы, ҚМДБ ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы - теолог Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімділігін сараптаудан өткізді. Өңірге қарасты ыбарлық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, молдалары мен азаншылары шариғат, ақида ілімдерімен қатар діни басқарма бекіткен  имамның этикасы, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді сұрақтарға жауап берді.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика