Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАЛ АШЫП, БАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – АЛАЯҚТЫҚ ПЕН БОПСАЛАУҒА ТЕҢЕСТІРІЛЕДІ
07 желтоқсан, 2017 жыл 246 Басып шығару нұсқасы

Көршілес Ресей елінің бақсы-балгерлерінің басына қара бұлт үйірілетін болды. Мемлекеттік Дума заңға түзету енгізіп, олардың «оғаштау» кәсіптерін алаяқтықтың бір түріне жатқызатын болмақ.

Қабылданатын құжатқа сәйкес, бақсы-балгер, сиқыршы, экстрасенстердің ақылы қызметіне енді алаяқтық пен бопсалау баптары бойынша тыйым салынады.

Мемлекеттік Думаның әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі өкілі Сергей Вострецовтың айтуынша, бұл мәселе бақсы-балгерлерге алданған жүздеген ресейліктердің арызынан кейін қозғалып отыр. Алайда, осы орайда «Экстрасенстер шайқасы» атты телебағдарлама туралы ешқандай пікір айтылмаған.

Соған қарағанда, Рсей Федерациясының Қылмыстық кодексіне жаңа қызмет түрі енгізілетін сияқты: «сиқыршылық» немесе «магиялық қызметтер» дегендей. Яғни, аталмыш қызметтің өзіне тыйым салынбайды, тек осы қызмет түрін пайдаланып арзан ақша табуға тосқауыл қойылмақ.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары