Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
15 желтоқсан, 2017 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

Әбсаттар Бағысбайұлы Серікбай қажы Оразды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Бұрынғы мүфти жаңа мүфтиге батасын беріп, жылы лебізін білдірді.   

«Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Мақсатымыз – халықтың игілігі үшін қызмет ету. Жауапкершілігі жоғары қызметке сайланып отырсың. Алла Тағала жердемшің болсын! Жұмысыңа табыс тілеймін, айналайын!» – деді Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Әбсаттар қажыға «Ұла дала темірқазығы» атты энциклопедияны сыйға тартты.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары