Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ»
03 қаңтар, 2018 жыл 617 Басып шығару нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық бағыты  негізінде халқымыздың рухани құндылығын қайта түлетіп, руханиятымызға серпін беру мақсатында Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Ұлылардан ұлағат» атты рухани кеш өтті. Кеш барысында елге еңбегі сіңген қоғам қайраткері Әл-Машани есімін ұрпақ санасында жаңғырту және тарихи тұлғаларымыздың өнегелі өмірінен тағылым алу басты тақырып болды. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының ұйымдастыруымен өткен рухани кешке ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Рухани жаңғыру-ел мақсаты» турасында келелі сөз айтып кіріспе жасап берді. Тарихшы, жазушы Баймұханов Мұхаметқали қажы «Машани аталуының себебі мен өмір тарихы» тақырыбында әңгіме өрбітті. Машани танушы, зерттеуші Тусупов Марат Исабекұлы «Машани мұрасы жөнінде» тағылымды сөз айтып, жастарды Отаншыл болуға үндеді. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курсының аға оқытушысы Серік Мустафин «Машани шығармашылығы» турасында ауқымды баяндама жасады. Доцент, тех.ғылымдарының кандидаты Қапасова Айзада Зарлыққызы   «Тәлім тәрбиелік өнегелері» жайында кеңінен тоқталып өтті.

Тағылымды өткен кеш соңында бас имам Қабылбек Әліпбайұлы қорытынды сөз айтып, рухани жаңғырудың болашаққа берер пайдасын айтып, құрметті қонақтарды дастархан басына шақырды. Алдағы күндерде осындай келелі басқосулар жалғасын табады.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары