Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алдыңғы мүфти мен қазіргі мүфти Діни басқарманың даму бағдарламасын талқылады (ФОТО)
11 қаңтар, 2018 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз алдыңғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті.

Ресми кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлын жауапты лауазымды қызметімен құттықтап, жұмысына береке тіледі.

«Сіз Діни басқарма тарихында үш мүфти кезеңінде төраға орынбасары қызметін белсенді атқардыңыз. Талай жыл жинақтаған тәжірибеңізді мүфтияттың жұмысын жетілдіруге жұмсадыңыз. Еліміздің игілігі мен халқымыздың руханиятын жаңғырту жолындағы жұмысыңызға береке тілеймін», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мәртебелі мейманға ілтипаты мен жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының даму бағдарламасымен таныстырды. 2018 жылда атқарылатын ауқымды іс-шаралар мен игі бастамаларымен бөлісті.+

Кездесу соңында Дін қайраткерлері мүфтияттың даму бағдарламасы туралы өзара пікір алмасты

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары