Қарағанды 13:26 Бесін
  • 06:38 Таң
  • 08:02 Күн
  • 13:26 Бесін
  • 16:51 Екінті
  • 18:41 Шам
  • 20:05 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Бас мүфти Мәжіліс үйінде өткен алқалы жиынға қатысты (ФОТО

азақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Мәжіліс үйінде Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заң жобасын таныстыруға арналған алқалы жиынға қатысты.+

Мәжіліске Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы Заң жобасын таныстырды. Отырысты ашқан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев діни қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге бағытталған заңнаманың өзектілігін атап өтті. Таныстырылымда баяндама жасаған Н. Ермекбаев заң жобасының басым бағыттарына тоқталды.

«Заң жобасының ең маңызды нормалары дінді деструктивті мақсаттарда пайдаланудың кез-келген мүмкіндіктерін болдырмауға және мемлекеттік органдардың құзыреттілігін кеңейтуге және діни бірлестіктердің қызметін жеңілдетуге бағытталған», - деді министр.

Сондай-ақ, Заң жобасының тұжырымдамалық өзгерістері туралы сөз еткен ведомства басшысы заңнамаға алғаш рет «деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» сияқты ұғымдардың заңды анықтамасы енгізілетінін айтты. Бұл ретте, заң жобасы аясында дінге сенушілердің де және дінге сенбеушілердің де құқықтары тең тұрғыда қамтамасыз етіледі. Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуын құқықтық реттеу туралы, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды діни жиналыстар және рәсімдер, құлшылық етуге қатыстыру жағдайын анықтау бойынша түзетулер қарастырылған. Заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік ұйым қызметкерлерінің дінге қатысты іс-әрекетін базалық тұрғыда реттеу ұсынылған. Сондай-ақ, діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар да бар.

Бұдан бөлек, министр Н. Ермекбаев заң жобасын әзірлеу барысында оның нормалары діни бірлестіктер өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әртүрлі деңгейдегі пікірталас алаңдарында кеңінен қоғамдық талқылаулардан өткендігін атап өтті.

Алқалы жиында сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Біз діни уағыз-насихатты міндетті түрде діни бірлестіктің құқығы бар азаматтар, яғни білікті мамандар ғана жүргізуі қажет деген ұстанымды қолдаймыз. Ол аса маңызды. Өйткені елімізде заңнамаларды негізге ала отырып, жұмыс істейтін 2600-ден астам мешітіміз, сондай-ақ бірнеше ондаған білім беретін оқу орындар бар. Осыған сәйкес, білікті діни кадрларымыз да бар», - деп атап өтті
muftyat.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика