Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ӨКІЛ ИМАМ МЕН ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
31 қаңтар, 2018 жыл 247 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы xазреттің қабылдауында болды. 
Кездесу барысында Ақтөбе өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыру, жергілікті мешіттерді діни кадрлармен қамтамасыз ету және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу мәселелері талқыланып, осы бағыттағы іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бас мүфти айтылған ұсыныс-тілектерді тыңдап, өз кезегінде осы аталған ізгі бастамаларға қолдау білдіретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, өкіл имам Төлеби Дәділұлына осы бағытта бірқатар нақты тапсырмалар да берді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары