Қарағанды 07:27 Күн
  • 06:03 Таң
  • 07:27 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 16:29 Екінті
  • 18:18 Шам
  • 19:42 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

«Қазақ» газетінің шығарыла бастағанына – 105 жыл

Қазақ даласында тəуелсіздік қоңырауын қаққан «Қазақ» газетіне бүгін тура 105 жыл толып отыр. Ұлтты оятуға ұйытқы болған басылымның алғашқы саны 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласынан оқырман қауымға жол тартқан болатын

«Қазақ» газетінің шығуы - Алаш зиялыларының ұлттық дербестік жолында жасаған қарымды қадамы еді. Əлихан Бөкейхан қолдап, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы  жауапты редакторлары болған басылымның 1918 жылға дейін 265 нөмірі шығыпты.

Профессор Əбдімəлік Нысанбаевтың: ««Қазақ» газетінің бес жыл бойы 265 нөмірі жарық көріпті. Қазіргі өлшеммен қарасақ, тым аз. Бірақ, сол замандағы қалыптасқан ахуал тұрғысынан бағаласақ, отарлық езгідегі елде, отаршылдардың көз алдында, жария түрде тəуелсіздік идеясын насихаттайтын газетті бес жыл бойы шығарып тұру үлкен ерлік болатын» деуі басылымның қазақ қоғамындағы сол кезеңдегі ерекше рөлін айшықтай түсері даусыз.

«Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлы басылымды жарыққа шығарудың ең негізгі 4 маңызы мен міндетін тап басып жазады. «Əуелі газет - халықтың көзі, құлағы һəм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды... Екінші газет - жұртқа қызмет ететін нəрсе, олай болатын мəнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады. Үшінші газет - халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші. Төртінші газет - халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады».

Басылымды тұрақты түрде ұстап, уақтылы жариялап тұру үшін газет жарыққа шыққан жылы Алаш зиялылары «Азамат» серіктігін құрады. 1913 жылы «Қазақ» газетінің соңғы сандарының бірінде жазылған «Ұры тию» атты мақаласында «Қыр баласы» бүркеншік атымен Əлихан Бөкейхан: «Қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз болғанмен аз сомасымен, адамгершілігімен серіктікке жарайтын азаматтары аз емес. Сондықтан, «Азамат» серіктігін ашып, «Қазақ» газетін мұнан былай Алаш азаматтарының серіктесіп қосылған пұлымен жүргізбекшіміз», – деп жазады.

Газет жарыққа бес жылды - Алаш зиялыларының бес жыл бойғы рухани майдандағы күресі десе де болады. Қазаққа ең маңызды деген жер, тіл, білім, дін, теңдік «Қазақ» газетінің ең басты тақырыптары болып отырды. Патшалық билік тарапынан газеттің мән-мазмұнын бақылау жұмысы Торғай облыстық басқармасының тілмашы Тунганчинге тапсырылған болатын. Әділетсіздікке қарсы үндеулердің бәріне патшалық билік қатал жауап қатып отырды.

«Қазақ» газетіне айыппұлдың салынуы, Ахмет Байтұрсынұлының абақтыға жатып шығуы, Міржақып Дулатұлының үйінің тінтілуі - осының айғағы болса керек. Соғысқа қазақтан жұмысшы алу, жалпықазақ съездері, ұлттық демократиялық «Алаш» партиясының құрылуы, Екінші жалпықазақ съезінің қаулылары туралы хабардың бәрі - «Қазақ» бетінде тұрақты түрде жарияланып тұрды. Бір сөзбен «Қазақ» - Алаш азаматтары мен қазақ қоғамының арасындағы алтын көпір іспеттес еді.

Әлихантанушы, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлының келтірген дерегіне сүйенсек, қазақтың жекелеген сандары бір жылдары тіпті - 8 мың тиражбен жарық көрген. Санкт-Петербург секілді шаһарлардағы іргелі газеттердің өзі сол тұста 10-11 мың тиражбен жарыққа шыққанын ескерсек, «Қазақ» үшін Алаш қайраткерлері барын салғанын аңғаруға болады.

Қазақтың «Үш арысымен» бірге басылым беттерінде М.Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы секілді сол тұстағы белді де белгілі азаматтардың мақалалары мен өлеңдері тұрақты түрде жарияланып тұрды. Басылым алқасы газет шығынын азайту үшін жеке баспахана ашу ісін қолға алды. Бірнеше жыл бойы «Азамат» серіктігі арқылы қаржы жинаған Алаш азаматтары баспахана ашу мақсатына тек 1917 жылдың соңына қарай қол жеткізгендей болған еді.

Қазан төңкерісінен кейін «Жауың кім? Жауың - большевик» (1918 жылдың басы, «Аттан Алаш азаматы!» атты мақала) деп жазған «Қазақ» газеті большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізді. Басылым большевиктердің залым әрекетін әшкереледі. Кеңес үкіметі де қарап қалған жоқ. Ақыры, 1918 жылдың басында Орынборда кеңес өкіметі орнап, «Қазақ» 1918 жылдың 17 қаңтарындағы 260 нөмірінен кейін ұзақ уақытқа тоқтап қалды. Алайда Орынбор 1918 жылдың 20 маусымында большевиктерден азат етілгеннен кейін ғана шілденің 23 мен 30-да «Қазақ» газетінің №261 мен №262 нөмірі, қыркүйектің 5-і және 16-да №263 пен №265-нөмірлері жарыққа шықты . «Қазақ» өз жұмысына қайта кіріскенімен арада көп өтпей, большевиктердің өктемдігімен басылым біржола жабылып қалды.

massaget.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика