Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алғыс айту – адамдық қасиет
28 ақпан, 2018 жыл 256 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының  «Алғыс айту – игілік сыйлау» бағыты бойынша жолдаған тапсырмасын басшылыққа алған Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы бірқатар іс-шараларды атқарды. Дініміздің дамуына тиісті үлес қосып, ақсақалдық жолдан жаңылмай жастарға бағыт беріп жүрген қарттар мен көпбалалы отбасыларына дастархан жайылып дәм берілді. Сонымен қатар, қарттар үйінің тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетіліп, жаны жабырқаған жалғызбасты аналарға азық-түлік таратылды. Тұрақты көңіл бөліп отыратын мешіт ұжымына ақжаулықты аналар өз алғыстарын білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қағидаға сай рухани іс-шараларда ізгі ниетпен жомарттық жасап жүрген «Шығыс» базарының кәсіпкерлеріне «Аллаға шүкір ету мен адамға алғыс айту» тақырыбында насихат айтып, ақжарқын азаматтарға алғыс білдірді.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары