Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ҚАРАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)
02 наурыз, 2018 жыл 249 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астанада «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында халықаралық шараға қатысушылардың Қарары қабылданды.

Қарар мәтінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан оқып берді.

«Қоғамның дәстүрлі негіздеріне қауіп төніп жатқан кезеңде әртүрлі діни конфессия өкілдері арасындағы диалогтың өзектілігі күрт артуда. Мұсылман үмбетінің бірлігіне насихаттық үлгі әрі іргетас қалыптастыруды мақсат ететін Еуразия елдерінің рухани жаңғыру Тұжырымдамасы әзірленсін. Мұсылман қоғамында сұранысқа ие классикалық еңбектер бірнеше тілге аударылсын. Форумның тұрақты Хатшылығы құрылсын», – делінген қабылданған Қарар мәтінінде.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары