Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қонақта болды.
07 наурыз, 2018 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" секторы және "Зекет" қорының ұйымдастыруыменен «Құлыншақ» балалар үйінің жиырмаға жуық тәрбиеленушісі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қонақта болды. Мешіт ғимаратының қыр сырмен танысып, Алла үйінде экскурсия жасады. Сондай – ақ, оларға мешітімізде арнайы дастархан жайылып, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза  уағыз насихат айтты. Құран оқылды, бата берілді. «Жетім көрсең жебей жүр» деген атамыз қазақ. Ардақты пайғамбарымыз с.а.с бір хадисінде «Мен және жетімге қамқоршы болған адаммен жұмақта мынадай (бірге) боламыз» деген. Ендеше, осы сүйікті елшіміздің с.а.с өсиетін орындап, ата ананың қарауынсыз қалған жас балаларға өз қамқорлығымызды аямай, тіреу  болайық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары