Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті (фото)
30 наурыз, 2018 жыл 572 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық "Әнет баба"  мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы   Бекқожа мырза  Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде болып, аймағымыздан білім алып жатқан студенттермен кездесіп қайтты. Аталмыш оқу орынына аймағымыздан жыл сайын жас талапкерлер бағын сынап, оқуға түсіп  жатыр. Білім нәрін іздеген осындай талапкер жастарға қолдау көрсету жылдағы үрдіске айналған. Осы жолы да облысымыздың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза  университет студенттеріне Қарағанды облысы өкілдігінің атынан қаржылай және рухани қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университетінің биылғы бітіруші түлектерін аймағымызға іс-тәжірибеден өтуге шақырды. Кездесу соңында өңіріміздің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза студенттерге ізгі батасын берді. Асыл дініміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастар. Ал, оларға қолдау көрсетіп отырған өкілдіктің көмегі маңызды екені сөзсіз.

 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары