Қарағанды 18:44 Екінті
  • 03:16 Таң
  • 05:13 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:44 Екінті
  • 21:14 Шам
  • 23:11 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Наиб мүфти қажылық фирма жетекшілерімен кездесті (ФОТО

Бүгін ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан қажылық компанияларының жетекшілерімен жиналыс өткізді.

Жиынға Бас мүфтидің кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитеті, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының Бас сарапшысы Бахытжан Дүйсебаев, ҚМДБ Қажылық Қоры мен «Тауаф Тревел» қажылық фирмасының директоры Айдар Салқынбаев және қажылық компанияларының басшылары қатысты.

Басқосуда Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасы бойынша қажылық ұйымдастырушы фирмалармен өткен сұхбаттасу конкурсының нәтижесінде 18 туристік фирманың қажылық квоталарын алғандығы хабарланды.

Сонымен қатар, жиында осы жылғы қажылыққа дайындық жұмыстары пысықталды. Атап айтқанда, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру барысында қазақстандық қажыларды біріңғай киіндіру, қажыларды бір аймақтағы қонақ үйлерге шоғырландыру секілді жаңа талаптар фирма басшыларына таныстырылды.  Қажылық фирмалары ҚМДБ-ның бұл талаптарын бірауыздан қолдап, талапты орындауға дайын екендіктерін жеткізді.

Наиб мүфти жиналыс барысында қажылықтың сауапты, әрі жауапты жұмыс екенін атап өтті.

«Қажылық – сауапты құлшылық, әрі жауапты қызмет. Қажыларымыздың қасиетті сапарын ұйымдастыру – үлкен мәртебе. Қажыларға қызмет көрсететін Қажылық Миссиясы да қажылық фирмалары да осыны үнемі есте ұстауы тиіс. Сондықтан да, жыл сайын Қажылық қызметінің сапасын арттырып келеміз. Фирмаларға қойылатын талаптар да күшеюде. Биыл конкурс нәтижесінде 18 фирма мүфтиятпен келісім-шарт жасады. Аталған фирмалар келісім-шартта көрсетілген талаптарға сай қызмет етеді деген сенімдемін», – деді Бауыржан қажы Есмахан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

muftyat.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика