Қарағанды 19:11 Шам
  • 05:24 Таң
  • 06:48 Күн
  • 13:05 Бесін
  • 17:16 Екінті
  • 19:11 Шам
  • 20:36 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Президент: Мешітке баратын жұрттың санасы қандай екенін ешкім білмейді

 Астана. 13 сәуір. KAZISLAM – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың салтанатты шарасында елдегі діни ахуалға қатысты пікірлерін айтты. Елбасы мешітке ағылатын адамдардың санасы мен білім деңгейіне тоқталды. «Бізде қазір толық ағылшын тілінде жұмыс істейтін университеттер, мектептер бар екенін білемін. Олар бәлкім ағылшын тілінде жарық көрген бұл кітаптарды оқитын шығар. Бірақ, біздегі студенттер мен оқушылар, жалпы қоғам ол оқулықтарды оқып отырған жоқ және бұл білімнен шетте қалып қойды. Ал, егер олар шетте қалып қойса, онда біз дамыған 30 елдің қатарына қалай кірмекпіз? Мен біздегі басты діндер, яғни, иудаизм, христиандық, мұсылман діндері туралы кітаптарды парақтаған кезімде түсіндім, егер, біздің молдаларымыз соның барлығын білсе, анау террористерге де, экстремистерге де жауап берер еді. Қайдан шығып келе жатқанын айтар еді. Білмейді ол. Құранды оқытады. Діни қызметкерлер өз миссияларын жоғары деңгейде орындау үшін олар дін тарихын білулері керек, жаратушысы бір, жолдар әртүрлі екенін түсінулері керек» деді Елбасы. Мемлекет басшысы әлемдегі дәстүрлі дін өкілдерінің съезінде осы мәселелер талқыланатынын атап кетті. «Алайда, бұған қарамастан, дін ішінде қандай соғыстар жүріп жатқанын қараңыздаршы. Қазірдің өзінде мұсылмандар арасындағы қырғын соғыс Еуропаның орта ғасырдағысымен бірдей. Париждегі католиктер мен протестанттардың арасындағы соғыс қазір шииттер мен сунниттердің арасындағы соғыс сияқты. Сол уақытты қазір біз бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан, діннің тарихын білу арқылы басқа жолға түсіп кеткен білімсіз жастарға түсіндіре алатын біздің діни қызметкерлер үшін құндылық болып саналады. Жалпы, барлығымыз білуіміз керек. Себебі, бәріміз дін дейміз, намаз оқимыз, жұрт қаптап мешітке барады, ал ішіндегі санасы қандай, оны ешкім білмейді. Құр әншейін елмен бірге шуылдап жүре беру керек деп санайды. Олай емес. Әрқайсысының өз мағынасы бар, дүниежүзінде ол мәселе талданған» деді Президент.

e. islam.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика