Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: АЛМАТЫДА ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
19 сәуір, 2018 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі басталды.

Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысты.

Алқалы жиында ҚМДБ жұмысын жаңғырту жоспары, Рамазанға дайындық, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, т.б. мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, облыс имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

«Қазір біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – мүфтияттың жұмысын жаңғырту. Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Оразаға дайындық жұмыстарын әрдайым пысықтап отыруымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Ораз.    

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары