Қарағанды 18:31 Екінті
  • 03:10 Таң
  • 05:10 Күн
  • 13:09 Бесін
  • 18:31 Екінті
  • 20:59 Шам
  • 22:59 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

«ЖҮРЕК – ПАТША, АҒЗА ОНЫҢ ӘСКЕРІ» – БАС МҮФТИ

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада «Нұр Астана» мешітінде «Исламдағы шынайы ниеттің маңыздылығы» деген тақырыпта жұма уағызын жүргізді.

«Халқымызда: «Жақсы ниет - жарым ырыс», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаздырмайды», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді», «Пейілі жаман пәлеге жолығады, бітпейтін жалаға жолығады», – деген нақыл сөздар бар. Ниет етпей ұстаған ораза арнайы мақсат етіліп ұсталған ораза ғибадатына жатпайды. Ол әдетке айналған амал болып қалады. Алайда Алла разылығы үшін ниет етілген әдеттер ғибадатқа айналатынын білген жөн. Алла Елшісі бір хадисінде: «Амалдардың қабыл болуы әрі сауапты болуы ниетке байланысты. Кімде кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады», – деген.
Сахаба Әбу Хурайра бір сөзінде: «Жүрек – патша, ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады», – деген екен. Бұл – барлық мәселенің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке байланысты деген сөз. Ниетсіз ешбір іс болмайды. Ислам ғұламаларының айтуынша, амалдан бұрын ниет етуді үйреніміз керек. Ниетке қарай кішкентай амал үлкен амалға айналады, үлкен амал кішкентай амалға айналады. Мәселен, адамға өмірінде бір рет қажылыққа бару парыз. Алайда ол басқалар қажы деп айтсын деген ниетпен барса, қажылық парызы мойнынан түсуі мүмкін. Бірақ сауабынан қағылады. Егер қажылық барысында сауда жасай келейін деген ниетпен шықса, алайда қажылық жасау ниеті басым болған жағдайда, қажылық сауабын алады. Егер керісінше, сауда жасап қайту ниеті басым болса, қажылық сауабын ала алмайды. Тек парызды орындаған болып есептеледі», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

Жұма намазы соңында еліміздің игілігі мен бірлігі үшін дұға жасалды.
 

muftyat.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 мамыр 2018 жыл ХАБАРЛАНДЫРУ!
    26 сәуір 2018 жыл ХАБАРЛАНДЫРУ!
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика