Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Дінді біліммен таны» танымдық іс-шарасы өтті
02 мамыр, 2018 жыл 256 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Жалпы және Жастар бөлімі» мен  «Әйел-қыздар секторы» бірлесіп мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының қыз-келіншектері арасында «Дінді біліммен таны» тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Шәкірттер арасында өткізілген шараға қала мешіттерінен де қатыстырылды.  Бұл сайыста шәкірттер Ислам дінінің бес діңгегінің негізі болатын «Фиқһ» саласынан бақ сынасты. Наиб имам Сандыбаев Олжастың жетекшілігімен өткен білім сайысында ұстаздар Бақыткүл Жикенова, Арай Бакирова төрелік етті. Ауқымды өткен шара барысында ойы ұшқыр, зейіні зерек шәкірттер бес топқа бөлініп біліктіліктерін көрсетті. Нәтижесінде басымдық танытқан топтар марапаттау қағаздарын иеленді. Бас жүлдені «Балақажы» мешіті иемденді. 1-ші орынға «Әл-Машани» мешіті лайықты деп танылып, 2-ші орын «Әнет баба» мешітінің шәкірттеріне берілді. 3-ші орынды құрама топтар иеленді. Өзіндік мәнімен өткізілген шарадан соң шәкірттер мен жалпы қатысқан қонақтарға дастархан жайылып дәм берілді. Дастархан үстінде психолог, ұстаз Гүлжан қажы Қайкенова жастарға ар, ұят, имани қасиеттер турасында кеңес берді. Бүгінгі таңда дінді біліммен танудың маңыздылығы артып келе жатқан уақытта осындай сауаттандыруға қатысты шаралардың көптеп өтуі уақыт талабы.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары