Қарағанды 05:17 Таң
  • 05:17 Таң
  • 06:42 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 17:23 Екінті
  • 19:20 Шам
  • 20:45 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Айт мерекесі ұлттық құндылықтармен айшықталды

Мұсылман еншісіне бұйырылған ораза айт – бір ай бойы Алла разылығы үшін ауыз бекіткен, ықыласпен құлшылық жасаған адамзат баласының құрмет пен қуанышқа, шарапат пен сауапқа кенелетін сәті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...»,  – деген екен.  

Барша мұсылман үмбетінің ұлық мейрамының бірі – Ораза айттың келуін асыға күткен жамағат Қарағанды қалалық мешітіне таң намазынан бастап жиналды. Осы мерекеде бас қосқан қауым бір-біріне «айт қабыл болсын» айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнай отырып, мейірбандықтың, достық пен татулықтың үлгісін паш етті.  Жамағатпен таң намазын өткізген бас имам Қабылбек Әліпбайұлы намаздан соң айт күнінің әдептері, мұсылман сипаттары, оразадан соң не істеу қажет деген тақырыптарға арнап насихат жүргізді. Әсерлі де тұщымды уағыздан соң бір ай бойы шынайы ықыласпен мұсылман қауымына қайырымдылық көмектерін көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Одан соң айт намазы өтеліп, ел мен жерге тыныштық пен ауызбірлік тілеп дұға жасалды.  Жыл сайын дәстүрге айналған ізгі істің аясында мешіт ауласында бұқара халыққа ас беріліп, ұлттық және спорттық шаралар жалғасын тапты. Атап айтқанда, арқан тарту, аударыспақ, жамбы ату, асық ату, волейбол ойындары жиналған қауымның қызығын арттыра түсті. ҚМДБ-ның басым бағыттарының бірі жабыққан жанның көңілін жадыратып, сыйлық үлестіру болғандықтан қаламыздағы жетім балалар мен мүгедектер үйінен 40-қа жуық баланы қатыстырып, оларға тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді.  Алланың кең қазынасынан жарымжан балаларды қалыс қалдырмаған бас имам Қабылбек Әліпбайұлы балаларды мерекемен құттықтап, дұға жасап батасын берді. Бір сәт шат-шадыман болған балалардың жүзінде қуаныш лебі есіп тұрды. Осылайша өз мәнінде өткен ауқымды іс-шарадан соң жиналған қауым Аллаға шүкірлерін айтып, ағайын-туысты айттауға тарап жатты.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі.