Қарағанды 06:51 Таң
  • 06:51 Таң
  • 08:20 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:25 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

БАС МЕШІТТЕ НАИБ МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО

 

Бүгін Астана  қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам мәдениетінің өркендеуіне Қазақстанның қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталықтарымен (IRCICA) бірлесе ұйымдастырған конференция жұмысына еліміздің исламтанушы ғалымдары мен білікті мамандары, дін қызметкерлері мен каллиграф-сәулетшілер қатысып, ортақ тақырып аясында ой қорытты.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен конференция аясында қазақ даласындағы Ислам дінінің тарихын түгендеп, бабалар мұрасын бүгінгі күнмен байланыстырып, тарихи құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған баяндамалар жасалды. ҚМДБ-ның қызметкерлері мен өңірлердегі өкіл имамдары, аталмыш орталықтардың білікті мамандары бас қосқан халықаралық конференция жұмысына  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының бас хатшысы Халит Ерен мырзалар да қатысып, өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді.

Қазақстан мемлекетінің Ислам дінінің гүлденуіне қосқан үлесі жайында ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының бас консультанты Боранбаева Гүлнар, IRCICA ұйымының Орталық Азия бойынша сарапшысы Әшірбек Мүминов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, Алау Әділбаев, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлары Досай Кенжетай мен Қожа Мұхтар Бақадырұлы, Яссауитану орталығының аға ғылыми қызметкері Жандарбек Зікірия, ҚазҰУ ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі Қыдыр Төрәлі сынды ғалымыдарымыздың жасаған баяндамалары басқосу маңызын арттырып, қазақ даласынан шыққан ойшылдарымыз мен іргелі оқу орындары жайлы, Орта Азиядағы дін ілім жүйесі жөнінде тың мағлұматтармен байыта түсті.

Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен келген өкіл имамдар Смайыл Сейтбеков (Маңғыстау), Батыржан Мансұров (Атырау), Ардақ Оразбаевтардың (Алматы облысы) Ислам мәдениетінің қазақ даласының әр түкпірінде қалай дамығандығынан сыр шертетін баяндамалары көптің көңілінен шығып, тарихымыз тың деректермен толықтырыла түсті.  

Сондай-ақ, конференция аясында еліміздің каллиграф шеберлерінің қолынан шыққан туындылар көрмесі де өткізілді. Конференцияға қатысушы каллиграф Асылбек Байзақұлы, суретші керамик Рысбаев Абайхан, өнертану ғылымдаының кандидаты Меруерт Құрманғалиевтер Қазақстандағы Ислам сәулет өнері мен ескерткіш жәдігерлері жайында құнды пікірлер айтып, баяндама жасады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика