Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сауд Арабиясында тұңғыш әйел нотариустер пайда болды
12 шілде, 2018 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Сауд Арабиясында Салман патша мен мұрагер ханзада Мұхаммедтің бастамасымен қолға алынған ауқымды реформа аясында әйел адамдар үшін тағы бір мамандық қолжетімді болды, деп жазады Islam-today.

Корольдіктің Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір елде алғашқы әйел нотариустер жұмыстарын бастады. Айта кету керек, қазіргі уақытта маңызды заңдық құжаттарды бекіту лицензиясы 12 әйел заңгерге берілген. Ал мұндай өкілеттілік корольдіктегі жалпы саны 1,3 мың әйел нотариусте бар.

Айта кету керек, соңғы айларда қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды реформалар нәтижесінде алғаш рет Сауд Арабиясында әйелдер көлік жүргізе бастады, бұрын қолжетімсіз болған бірқатар мамандықтарды меңгерді, оның ішінде әскери салада қызмет етуге жол ашылды, сондай-ақ, спорт стадиондары мен фитнес-клубтарына баруға мүмкіндік алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары