Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ХХІ ғасырдағы ең ұзақ Ай тұтылуы болады
26 шілде, 2018 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Шілденің 27-жұлдызында Жердің көлеңкесі Айды 4 сағаттан аса уақытқа толығымен жабады.  

Астрономдардың айтуынша ХХІ ғасырдағы ең ұзақ Ай тұтылуын Дубайдан бақылауға болады. Дубай қаласының жергілікті уақытымен сағат 21:15-те Ай ақ түстен қанқызыл түске баяу боялады және қайта ашылады. The National толық қанқызыл түске боялған Айды 23:30-дан 01:13-ке дейін яғни 1 сағат 45 минут бойы көруге болатынын жариялады.

2000 жылдан 2100 жылға дейінгі аралықта жалпы саны 228 Ай тұтылуы болады деп күтілуде. Соның ішінде ең ұзағы осы болмақ. Дубай табиғат құбылысының әдемі көрінісін көру үшін келгендерге арнайы алаң ұсынбақ. Қанқызыл түске боялған Айды Мушриф саябағында телескоп арқылы тамашалауға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары