Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ерекше дизайндағы медресе-колледж салынады
01 тамыз, 2018 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Медресе оқу корпусы, жатақхана, кітапхана, әлеуметтік баспана, сауда үйі, мейрамхана, мешіт сондай-ақ қосымша инфрақұрылымдардан тұратын біртұтас Ислам Орталығының құрылысы болмақ, деп хабарлайды islamedu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы Оңтүстік-Батыс 2 ықшам ауданынан бой көтеріп жатқан жобаның жетекшісі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев облыстағы діни кадр даярлайтын «Ақтөбе медресе» колледжінің әлеуетін арттыру мақсатында облыс орталығынан 5 га жер бөлді. Бұл медресе-колледжін ауылдан қалаға көшіру арқылы медресенің базалық әлеуетін арттыруға, дәстүрлі бағытты дәріптеуге, жастарды деструктивті діни ағымдардан арашалауға, медресені Қазақстанның Батыс аймағындағы Ислам орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

Қаржы көздерін тарту «краудфандинг» моделі жолымен – «қайырымдылық-садақа» жинау арқылы жүзеге асады. Айталық, күні кеше өткен Рамазан айында «Нұр ғасыр» мешітінің жамағатынан Ақтөбе медресе-колледжінің құрылысына 1 333 000 теңге көлемінде қаржылай көмек жиналды.

Хадисте: «Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады» дейді, сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) медресе салу ісін – адам өмірден өтсе де сауабы үзілмейтін амалға жатқызған. Олай болса, сауапты іске атсалысамын деушілер төмендегі байланыс нөміріне хабарласса болады. Толығырақ ақпарат үшін: www.islamedu.kz  

Ақтөбе медресе қолдау қоры

Ағымдағы есепшот: KZ508562203104779348
АҚ "Банк ЦентрКредит"
Тіркеу мекенжайы: ҚАЗАХСТАН, 030008, Ақтөбе обласы, Ақтөбе қ, Н. Шайкенова көшесі, д 11, № 109
БИК: KCJBKZKX
БИН: 180 540 009 690
КБЕ 18

Қор жетекшісі: 
Нұрғалиев Бауыржан Достанұлы

Байланыс телефоны: 
8 (702) 292 20 72
8 (776) 346 26 01

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары