Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫНА 18 КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
06 тамыз, 2018 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

2018 жылы Сауд Арабия Корольдігі Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3000 адамға квота бөлді. 

Қазақстандық қажыларға ҚМДБ Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп танылған 18 компания қызмет көрсетеді. 

ҚМДБ Қажылық миссиясы аталған компаниялардың қызмет көрсету сапасын жіті бақылайтын болады. 

Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастар арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүретін болады.

Биылғы жылдың ерекшелігі – қажылардың киім үлгісі бірдей болмақ. Биылғы сапар шығыны бір адамға 4-5 мың долларды құрайды. Қасиетті орындарға Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан авиарейстер жүзеге асырылады.

Қажылыққа баратын азаматтардың алғашқы легі 8-9 тамызда аттанады. Олар 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға оралады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары