Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қасиетті Меккеге қажылық парызын өтеуге 600 мыңдай адам келді
07 тамыз, 2018 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

Биыл қажылық парызын өтеуге 2 млн астам мұсылман келеді деп күтілуде.

Қазіргі таңда Сауд Арабияға қажылықты өтеу үшін шамамен 567 мыңдай адам келген.

Бұл жөнінде Сауд Арабияның төлқұжаттар жөніндегі Бас дирекциясы мәлімдеді. Аталмыш ведомствоның мәліметтеріне сай, 558 505 адам корольдікке әуе жолы көлігімен жетсе, 4 696 адам жер үсті көлігімен келген, ал 4 258 қажы – су жолы көлігімен келіп жеткен екен.

Жалпы алғанда, осы жылы Сауд Арабия билігі қажылық парызын өтеуші мұсылман баласының саны 2 млн асып түседі деп болжам жасауда. 2017 жылы 2,3 млн мұсылман қажылық борышын өтеген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, қажылық мерзіміне Қасиетті Қағбаның дайын екендігі мәлім болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары