Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЖЫЛЫҚ-2018: МИССИЯ ДӘРІГЕРЛЕРІ 1960 АДАМҒА ЕМ-ДОМ ЖАСАДЫ (ФОТО)
06 қыркүйек, 2018 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

Биылғы қажылық маусымында Қазақстан Қажылық миссиясының дәрігерлері Мекке мен Мәдина қаласында 1960 отандасымызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қажылық миссиясы Дәрігерлер тобының жетекшісі, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының қызметкері, хирург, анестезиолог-реаниматолог Дастан Мұханұлының айтуынша, тыныс жолдары аурулары (жедел респираторлық аурулар, баспалар, тонзилит, ларингит, фарингит, трахеит, бронхит) бойынша 650 адам дәрігерге қаралған.

Жарақаттар (терінің қажалуы, жұмсақ тіндердің соғылуы), буын аурулары бойынша 430 адам шағым айтқан.

Тірек-қимыл жүйесінің аурулары (артрит, артроз, радикулит, омыртқа жарықтары, т.б.) 330 адамға алғашқы ем жасалды.

Жүрек-қантамыр жүйесі, асқорыту, ішек жолдары, несеп зәр шығару жүйесі, құлақ аурулары, аллергия бойынша 550 адам емделген.

Айта кетейік, биылғы қажылық маусымында елімізден барған 15 дәрігер қажыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Парызын өтеу үшін қасиетті Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз елге дін аман оралды. 1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына қонды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары