Қарағанды 15:26 Екінті
  • 07:20 Таң
  • 08:54 Күн
  • 13:08 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Бас мүфти Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе қаласында облыс əкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті.

Кездесуде өңір басшысы Бердібек Машбекұлы аймақтағы діни ахуал туралы баяндады.

"Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, Сіздің Ақтөбеге арнайы сапармен келуіңіз жергілікті жамағатқа жігер береді. Қазір біздің облыста 67 мешіт бар, онда 117 имам жұмыс істейді. Өткен жылы республика деңгейінде танымал 30-дан астам теологты арнайы шақырып, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргіздік. Дəстүрлі дінге бет бұрып жатқан азаматтар саны да жыл сайын артып келеді. Қайырымдылық бағытындағы жұмыстарға да көңіл аударып келеміз. Қазір біздің облыста жетім балалар үйі жоқ", - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар облыс əкімі Бас мүфтимен екпе салдырудан бас тартқан азаматтар мен бірыңғай мектеп формасына қатысты туындаған сауалдарды талқылады.

Өз кезегінде сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Қадірлі Бердібек Машбекұлы,  Сіздің бастамаңызбен Ақтөбе облысында діни салада игі іс-шаралар атқарылуда. Бұл бастамаларды өзге де өңірлерге тəжірибе ретінде жүзеге асыруға болады. Бүгінде ҚМДБ-ның əлеуеті күн санап артып келеді. Білім, ағарту саласына да көңіл бөліп отырмыз. Қазір "Нұр Мүбəрак" университетінде 2000-ға жуық шəкіртіміз білім алуда. Бұл - санаулы жылдарда діни қызметкерлердің қатары жоғары білімді мамандармен толығады деген сөз. Жуырда ҚМДБ жанындағы "Қажылық қоры" есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы тағайындау туралы шешім қабылдадым. Алла қаласа, имамдардың әлеуметтік мәселесі де кезең кезеңімен оң шешімін табады деп сенемін. Тағы бір жағымды жаңалықтың бірі - Астанада мүфтияттың жаңа үлкен ғимаратын ашу жоспарланып отыр", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Кездесу соңында Ақтөбе облысы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында ортақ меморандум қабылданды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызмет

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика