Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Ислам және отбасы» жылы аясында  қарттар күніне орай арнайы шаралар өткізді
01 қазан, 2018 жыл 650 Басып шығару нұсқасы

 

Қарағанды облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Бала қажы» мешітінде қарттарға ас беріліп, асыл қазыналарымыз үлкендерімізге сый-сыяпатттар табыстылды. «Пайғамбар (с.а.с.): «Кіші үлкенге сәлем беру керек», – деген.
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Құрметті ата-апалар, бұл бір күндік шара ғана емес, сіздер әрдайым біздің назарымыздасыздар.Ұрпақ-жұрағаттарына ұлағатты өнегенің үлгісін көрсетіп, ұзақ жасай беріңіздер»,- деген екен.

Қарағанды облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы өз шәкірттері арасындағы қарт әжелерге арнайы сый сияпаттармен құрмет көрсете келе: «Пайғамбар (с.а.с.): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – дейді. Адамдардың қарттарын қадірлеуі уахимен бекітілген. Пайғамбар (с.а.с.): «Жебірейіл періште маған үлкендерді алға шығар деп бұйырды», – деген. Қарт адамдарға құрмет көрсету-ізгілікке жетелейтін қадам делінген. Біз әркез қарияларымызбен аналарымызды сыйлап, дәстүр сабақтастығын сақтап келеміз. Аталарымызбен аналарымыз аман болсын» деген тілегін айтты.

Әрқайсысы жеке-жеке сыйлық-сияпатқа ие болған қариялармен әжелер де өз кезегінде имамдарға, мешіт қызметшілеріне алғыс айтып, ақ баталарын  берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары