Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Торқалы тойға – тосын тарту
13 қазан, 2018 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

     Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай түрлі тұлғалар өздерінің туындыларын ұсынып, әр облыс бас қаламызға сыйлықтарын тарту етуде. Солардың қатарында, спорттық марафондардың бірі  "Астанадан – Ақтоғайға" деп аталатын велошеруі.  Жылдамдықтары желмен жарысқан патриот азаматтар жалпы саны 30-дан астам елді мекенге табан тіреп, тарихи орындарға тоқтаған. Велошабандоздар алаштың алыптарын туған топыраққа төрт күн үшінде  барып қайтты. 500 шақырымды еңсеріп келген, велошеруді ұйымдастыруға ұйтқы болған белгілі журналист Ернат  Қашқынов жолда талай қызықтардың болғанын айтады. "Желге қарсы жүріп, өрге шықтық. Бірақ халықтың ықыласы сол қиындықты, аяққа түскен күшті де ұмыттырып жіберді.  Туған жерге келгенде халық құшақ жая қарсы алып, үлкендер бата берді.  Дастархан жайып, қонақжайлылық көрсетті" – дейді журналист ағамыз.  Ақтоғай елінің 90 жылдық мерейтойы қарсаныңда ағаларымыз бір жерге бас қосып, салауатты өмір салтынан үндеу білдіретін осынау игі шара сәтті аяқтады.  Сондай-ақ,  Қарағанды  облысы, Ақтоғай  ауданы, Сауле  ауылының  имамы Асқат  Сүйіндіков  те елуді еңсерген шағында осы велошеруге қатысып, 500-ге жуық шақырымды велосипедпен  өтіп, өзге имам-молдаларға үлгі-өнеге көрсете білді. Асқат ағамыз тұрақты түрде 7 шақырым жүгіріп, жаз түгілі, қыста да далада суық суға шомылып, салауатты өмір салтын әдетке айналдырған азамат. Астана - Ақтоғай велошеруіне қатысқан Асқат ағамызға жамағат риза болып, ата салтымызға сай, иығына шапан жауып, астына автобус мінгізіп Ақтоғайға, туған ауылға шығарып салды.  Асқақ рухты арынды жігіттер бұл игилігі мол істі тоқтатпай, келесі жылға да жоспар құрып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары