Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Хоспис» қарттар үйіне қайырымдылық жасалды (фото)
12 қазан, 2018 жыл 149 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті "Хоспис" қарттар үйіндегі науқас жандарға қайырымдылық жасап, азық - түлікпен қамтамасыз етіп, тұрмысқа керек заттарды үлестірді.

Аталмыш мекемеге Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы әрі ҚМДБ ның "Жастар ісі" бойынша өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы барып, науқас жандарға өзінің жылы лебізін білдірді. Құран оқылды.

Ондағы қарттар облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жасалатындығын айтып, бұл жолы да ризашылық білдірді.

«Панасыз, әрі ауру-сырқау қарияларға жәрдем беру аса сауапты іс. Оларға үнемі қамқорлық жасап тұрамыз. Бұл шара бұдан ары да жалғаса беретін болады», - дейді қайырымдылықты ұйымдастырушылар.

«Хоспис» басшылығы қайырымдылық шарасы үшін облыстық мешіт ұжымына алғыс білдірді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары