Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нұр-Мүбәрак» шәкірттері Бас мешітпен танысып қайтты (ФОТО)
13 қараша, 2018 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің іргелі діни оқу ордасы «Нұр-Мүбәрак» университетінің шәкірттері өткен аптада Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ат басын тіреп, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Еліміздің Бас мешітін арнайы зиярат етіп қайтқан дін жолындағы шәкірттер құлшылық ордасының тыныс-тіршілігінен хабардар болып, тәжірибе ұштай түсті.

Күні ертең еліміздің дін саласында қарымды еңбек етіп, қалың жұртшылықтың рухани қажетіне жарауға бел буған шәкірттер үшін бұл сапардың мән-маңызы айрықша болғаны сөзсіз. Университет қабырғасынан түлеп ұшқалы отырған олар үшін ҚМДБ Аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиевпен өткен кездесудің тіптен орны бөлек болды. Асыл дініміздің жолында халыққа қалтқысыз қызмет жасаудың қиындығы мен машақатын, имам мен ұстаз деген абыройлы аттың ауырлығы жайында айтып өткен Аппарат басшысы болашақ мамандарға ізгі тілегін айтып, тәжірибе-кеңестерімен бөлісті.

Кездесуден соң «Нұр-Мүбәрак» шәкірттеріне арнайы дастархан жайылып, мешіт қызметкерлерімен емін-еркін әңгіме желісі өрбіді. Ағалық ақыл айтылып, жауапты да сауапты қызмет жайында көзімен көріп, көңілге ой түйген шәкірттер үшін бұл күннің санада сақталып қалары анық.

 

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары