Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАС ИМАМДАР ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНДА БІЛІМІН ШЫҢДАУДА (ФОТО
21 қаңтар, 2019 жыл 52 Басып шығару нұсқасы

2019 жылдың 14-қаңтарында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты жаңа оқу легін бастады. Биылғы жылдың ең алғашқы оқу легіне Ресей Федерациясының Омбы қаласынан 12 имам дәріс тыңдауда. Ресейлік имамдарды оқыту Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Омбы облысы діни басқармасы арасында жүргізілген келісім аясында жүзеге асуда.

«Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораздың бастамасымен қолға алынған бұл бастама өз кезегінде Қазақстан мен көрші Ресей арасында қалыптасқан бірлік пен келісімді одан әрі нығайтып, өзара ынтымақтастықты арттыра түспек. Ислам институты шетелдегі қандастарымыздың діни сауатын көтеру бағытында өзінің сүбелі үлесін қоса береді. Бұл – шеттегі бауырларымызды рухани тұрғыдан қолдау», – деп атап өтті институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.   

2018 жылы Ислам институтында еліміздегі имамдарды қоса есептегенде, Моңғолия мен Ресей Федерациясынан барлығы 204 имам, оның ішінде 21 дін қызметкері Омбы өңірінен және Моңғолия Республикасынан 9 имам білімін жетілдірді. Тегін оқу гранты бойынша 41 имам білімін шыңдады. 

Жалпы институт жоспары бойынша, алдағы оқу легіне Ресейдегі 20 қандасымызды оқыту жоспарланып отыр. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары