Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропа Құран оқу және азан айту жарысы осы жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өткізілмек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ.
Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтуде. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.
Сәуір айында Құран оқу мен азан шақырудан VII Еуропа жарысы өтеді
- 10
- 04 ақпан, 2019 жыл
- Басып шығару нұсқасы
Пікірлер
15 ақпан 2019 жыл
Қарағандыда «Жастар ісі» секторы «Ана бақыты-бала бақыты» атты рухани шара ұйымдастырды (фото)
13 ақпан 2019 жыл
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Ең бақытты әйел» атты рухани кеш болып өтті (фото)
31 қаңтар 2019 жыл
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯ КОРОЛДІГІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ БОЙЫНША РЕСМИ КЕЗДЕСУЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)