Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ӘБУ-ДАБИДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)
05 ақпан, 2019 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Біріккен Араб Əмірліктерінің астанасы Əбу-Даби қаласында басталған "Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы" атты халықаралық конференция жұмысына қатысуда.

Халықаралық басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Алимовпен, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Рушан Аббясовпен бүгінгі мұсылман  үмбетінің діни тұтастығы,  ортаазиялық діни мектептің бүгіні мен болашағы, əлемдік діндераралық келісім мен диалогтың өзектілігі жайлы сұхбаттасты.

"Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы" атты халықаралық конференцияның жұмыс жоспарына сəйкес, Мысырдың əйгілі əл-Азһар университетінің Бас имамы, шейх Ахмед Тайып пен Рим Папасы Францисктің екі жақты кездесуі өтпек. 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары