Мектептердегі зорлық-зомбылық - бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін мойындау қажет. Бұл туралы Жастар жылын өткізу аясында тұрған мақсаттарға арналған дөңгелек үстел отырысында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы орайда ол ел мектептеріндегі қорқыту, зорлық-зомбылық, кемсіту жағдайлары қоғамдық резонанс тудырғанын еске салды. Оның сөзіне қарағанда, бұл проблема барша әлемде кеңінен таралып отыр. ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, әлемде 13-15 жастағы әрбір екінші оқушы, бұл шамамен 150 млн бала мектепте қатарластары тарапынан қысым көреді.
muftyat.kz
Пікірлер