Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Министр Тұрғымбаев батыр баламен кездесті
20 ақпан, 2019 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз өміріне қауіпті болғанына қарамастан тереңдігі екі метрден асатын құдыққа түсіп кеткен бес жастағы баланы құтқарып алған 10-сынып оқушысы Надир Омарғазиевпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлайды.

Бес жастағы бала Астана қаласында анасымен көшеде келе жатқанда құдыққа түсіп кеткен. Осы кезде Надир досымен бірге колледжден келе жатқан болатын. Жылап жатқан екі әйелді көріп, олардың жанына барып келіп, не болғанын сұраған. Содан соң ол бірден шешім қабылдап, құдыққа түсуге ұмтылды, оның ішіне құлап кетуі де мүмкін еді.

Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің жеке құрамының қатысқан жиында мектеп оқушысын көрсеткен қырағылығы, батырлығы және қайсарлығы үшін алғысын білдірді. Оның жедел де батыл іс-қимылының арқасында бала өмірі ажалдан құтқарылды.

«Осындай балалардың ерлік әрекеттері мен өзгеге деген жанашырлық сезімі құрметтеуге тұрарлық. Біреудің өміріне араша тұру үшін кез келген адам тәуекелге бара алмайды», - деп атап өтті министр.

Бұдан соң мектеп оқушысына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін тағып, смартфон сыйлады.

Сонымен қатар, Е. Тұрғымбаев Надир Омарғазиевке тәрбие берген ата-анасына, ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғыс білдірді. Ол батыл бала тәрбиелеп өсіргені үшін ата-анасын алғыс хатпен марапаттап, Қазақстанда осындай ер жүрек балалар көп болса, еліміздің болашағына аға ұрпақтың алаңдамауына болатынын атап өтті.

Сөз соңында Ішкі істер министрі Надирдің болашақта құтқару мамандығын таңдайтынына сенімді екендігін білдірді, өйткені қайсарлық пен көмекке дайын болу өрт сөндіруші мен құтқарушының ең басты қасиеттерінің бірі. Сонымен қатар Ішкі істер министрі батыр баланы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға шақырды.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары