Қарағанды 13:18 Бесін
  • 05:26 Таң
  • 06:52 Күн
  • 13:18 Бесін
  • 17:37 Екінті
  • 19:36 Шам
  • 21:01 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Бақыттың кілті – асыл дінімізде

Асыл дінімізде отбасылық қарым-қатынастардың тұтас қоғамға әсер ететіндігі баяндала отырып, жанұя шаттығына жететін жолды да анықтап берген. Бақыттың кілті ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен тиісті міндеттерін орындаудан бастау алады. Егер отбасы тату болса, қоғамда да тұрақтылық пен береке орнайды. Отбасында ынтымақ болса, қоғамда бірлік пен тыныштық салтанат құрады. Отбасы мәселесі бүгінде өзекті болғандықтан, бұл тақырып күнтәртібінен түспеуі тиіс. Осы орайда Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде ай сайын тұрақты түрде «Ислам және Отбасы» тақырыбымен дәріс насихат өткізу жолға қойылған. Ақпан айының жексенбілік іс-шарасына үш жүзге жуық ер мен әйел жиналды. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлы  жастарға үлкендердің ақылын тыңдап, оларға құрмет көрсету, отбасы мен бала тәрбиесінің тетіктері, болашақ жар таңдау мен аяулы жар болудың алғышарттары турасында тағылымды насихат өткізді. Халқымыз «Отан отбасынан басталады», «Екі жақсы қосылса аймен күндей» дей отырып, ұлағатты өсиетімен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Тектілікке ерекше маңыз берген. Текті болу дегеніміз - өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтауға жатады. Халқымыздың  ислам дінімен ұштасқан, берік қалыптасқан отбасылық тәрбиесін негізге алған тәлімді шарада бас имам жастардың отбасылық өмірге қатысты сауалдарына жауап берді. Ай сайынғы тұрақты насихатқа айналған насихаттты тыңдауға келушілер саны да артып келе жатқандығы насихаттың пәрменділігін білдіреді. Осындай өнегеден тәлім алған жастарымыздың отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика