Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл-Машани» мешітінің әлеуеті артып келеді
05 наурыз, 2019 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының рухани бағыттағы маңызды насихаттарды арттырумен қатар, заман талабына сай шаруашылық бағыттағы іс-шараларды дамыту аясында жүктеген бағыттарын басшылыққа ала отырып, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде шаруашылыққа қатысты бірқатар жұмыстар өз деңгейінде атқарылды. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының басшылығымен, жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асқан игі істер барысында мешіттің линолеумі толықтай ауыстырылып, мешіттің іші ашық түске бөленді. Құран оқып дұға бағыштайтын бөлменің орындықтары толығымен жаңаланды. Наиб имамдар бөлмесі кеңейтіліп, жаңа жиһаздармен толықтырылды. Әртүрлі сауалдармен келетін жұртшылыққа арналып, оларды қабылдау орындары даярланды. Жұма намазына келуші жамағатқа арналып қосымша екі бөлме жөндеуден өткізіліп, жүз адам сиятындай орынға жайнамаз төселді. Осындай ігілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары