Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ (ФОТО)
06 наурыз, 2019 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-діни конференциясы жұмыс тобының кезекті басқосуы өтті.

Жиынға жұмыс тобының үйлестірушісі, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, мүфтияттың бөлім басшылары мен мамандары, «Әзірет Сұлтан» мешітітінің Бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин қатысты.

Басқосуда халықаралық конференцияның бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, залды безендіру, Діни басқарманың негізгі қызметі жайлы бейнеролик жасау, ақпараттық қолдау, көрме ұйымдастыру, шетелден келетін мәртебелі қонақтарға мәдени шаралар жасау, Бас мүфтидің ресми қабылдауын ұйымдастыру, ҚМДБ ғимаратының ашылу салтанатын өткізу, т.б. мәселелер пысықталды.

Халықаралық конференция аясында 2019 – Жастар жылына орай, республикалық жастар форумын өткізу жоспарланды. Аталған шараны ұйымдастыру ҚМДБ Жастар секторына жүктелді.

«Бұл – ҚМДБ тарихында елеулі оқиға болмақ. Сол үшін баршамыз жұмылып, белсенділік танытып, жақсы жұмыс нәтижесін көрсетуіміз керек», – деп атап өтті ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы.

Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында «Рухани Жібек жолы» атты халықаралық конференция өткізу туралы келісім жасалған. Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин Серікбай Ораздың бұл ұсынысын қолдап, оң пікірін білдірген болатын. Халықаралық шараны Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармалары бірігіп жүзеге асырмақ.  

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары