Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әйелді құрметтеу наурызбен шектелмейді» Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа
07 наурыз, 2019 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

Халқымыз ата-анасының жұмаққа кіруіне себепкер болатын қыз баласын төрінен төмен түсірмей, бетінен қақпай, аялады. Суының тұнығынан ішкізіп, киімнің жақсысынан кигізіп, көңіліне қаяу түсірмей, құтты орнына қондырды. Себеп – Алланың аманатына қиянат етпеу. Демек, қыз бала – отбасының берекесін келтіріп, мерейін тасытатын жан болғаны. "Әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді"-деген сөз де бекер айтылмаса керек. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде асыл дініміз исламды насихат етіп,  қызмет етіп жүрген нәзік жандылар жетерлік. Осыған орай көктемнің алғашқы айтулы мерекесі 8- наурыз әйелдер, арулар күніне арнап  Қарағанды облыстық «Әнет баба»   мешітінің  бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа  Алла үйінде еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтап, өзінің ыстық лебізін білдірді. Облыстық мешіт ұжымы, содай-ақ, "Зекет" корпоративтік қоры да мереке иелеріне сыйлық табыс етіп, ілтипат танытты.

"Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке. Исламда әйелді сыйлау тек наурызбен шектелмейді. Бүгінгі жаһандану заманында қазақ қызына тән асыл қасиеттерді сақтап қалу маңызды. Әрбір ару дәуірдің жақсысын бойына сіңіріп, жаманынан жирене білу керек. Себебі бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Осыны есте сақтау ләзім», – деді  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа. 

Батыр да, дана да, ойшыл мен ғалым да анадан туылады. Әлемге сұлулық беріп тұрған бірден-бір жан ол - ана. Барша мақтау  мен алғыс айтсаң да анаға аздық етеді. Себебі, әйел адамның қоғамдағы, өмірдегі алар орны ерекше. Бүгінгі ару - ертенгі келін, болашақ ана, көркем әже болмақ. Барша нәзік жандыларымызды көктемнің алғашқы мерекесі,  әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Бәрімізді дүниеге әкелген аналарымыздың дәрежесі екі дүниеде де биік болсын!


 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары