Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Зекет» қоры Қарабас ауылында қайырымдылық іс атқарды (фото)
28 наурыз, 2019 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ ның Қарағанды өкілдігі бойынша «Зекет» корпоративтік қоры Қарабас ауылдық мешітіне қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырлы іс облыстық «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхиттың бастамасымен жүзеге асты. Атап айтқанда, екі ай бойы жалақысыз мешітте қызмет еткен Қарабас мешітінің молдасына қырық мың теңге көлемінде жалақы берілді. Сондай ақ, мешітке арнайы қой беріліп, көмек ретінде кілем тарту етілді. Қарабас ауылындағы қайырымдылық ісі мұнымен тоқтаған жоқ. Аталмыш ауылдың көмекке мұқтаж, жағдайы төмен он екі отбасына азық түлік үйлестіріліп, үлкен көмек көрсетіліп, жүз секен алты мың дегңе көлемінде қаражат жұмсалды.

Жалпы, Қарағанды өкілдігі бойынша «Зекет» қоры облыстың жан жағындағы аудан, ауылдарға да көмек көрсетіп, халықтың жағдайын жақсартуға өзіндік үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да көптеген  қайырымдылық шаралар мен, жәрмеңкелерді ұйымдастыру жоспарға алынып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары