Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» ФОРУМЫ ӨТУДЕ (ФОТО)
11 сәуір, 2019 жыл 129 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Елордада, ҚМДБ ғимаратында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "2019 - Жастар жылы" деп жариялаған игі бастамасына орай "Жастар жəне руханият" атты республикалық форум өтуде. 
 
Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин, ҚР Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, жастар ұйымдарының жетекшілері, медресе шәкірттері қатысуда.
 
Сонымен қатар, форумда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Ресей қоғам қайраткері, РФ Қоғамдық палатасының мүшесі, «Салауатты Ресей» федеральді жобаның жетекшісі Сұлтан Хамзаев жастарға тағылымды дəріс оқыды.
 
Форумның жұмыс тәртібінде жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар бойынша тәжірибе алмасулар, жас буынның әлеуетін арттыру, жастар арасында діни экстремизм мен радикализмның алдын алудың тәжірибелік механизмдерін қалыптастыру, т.б. мәселелер талқыланды.
 
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин жастарды жақсылыққа үндеп, ел игілігі жолында аянбай қызмет етуге шақырды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары