Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)
22 сәуір, 2019 жыл 53 Басып шығару нұсқасы

300-ден аса қазақ жастары діни білім алатын Түркия Республикасында ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб  мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерішісі Алтынбек Ұтысхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевтың қатысуымен 20-21 сәуір күндері тұңғыш рет «Түркияда оқып жатқан Қазақстандық дінтанушылар құрылтайы» өтті.

Түркиядағы Қазақстан елшілігі, Түркия шет елдік түріктер және туысқан халықтар министрлігі, «Түрік бурслары» мемлекеттік мекемесі және Эрджиес университетінің ұйымдастыруымен Түркияның Қайсери қаласындағы Эрджиес университетінде өткен құрылтайда Түркия дін істері басқармасының, Түркияның 12 қаласындағы ЖОО-ның профессорлары, имам-хатиб лицейлерінде, дінтану факультеттерінің бакалавр, магистратура, доктарантурасында, білім жетілдіру және қайта оқыту курстарында білім алып жатқан 200-ге жуық дінтанушы жас мамандар  бас қосты.

Құрылтай барысында сөз алған Наурызбай Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізіп, өз баяндамасында отандық ислами білім ошақтарын дамыту, асыл дінімізді насихаттау, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық, сыйластық пен рухани үндестікті нығайтуда, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсартуда ел мүддесі мен болашағын ойлайтын білімді де білікті мамандардың маңызы жайында сөз қозғады. Елдегі діни білім және кадр даярлау саласында қол жеткізген жетістіктердің жалпы қорытынды есебіне тоқталып, жоғарғы және орта діни білім ордалары мен мешіт, медресе жұмыстарын жандандыру бойынша біраз ауқымды жоспарлардың қолға алынып жатқандығын баяндады.

Елбасымыздың «Жастар жылы» жобасы аясында жастарға рухани тәрбие беру, жастар арасында діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу,  ҚМДБ өкілдерімен бірлесе жұмыс жүргізу мақсатында шет елдік діни оқу орындарында білім алып жүрген Қазақстандық студенттерге ҚМДБ жанынан «Талаба» қауымдастығын құруды ұсынды.

Түстен кейін жалғасын тапқан секциялық отырыстарда ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев пен ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерішісі А.Ұтысхандар да баяндама жасады.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары