Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Рамазан айының қарсаңында рухани жаңғыру кеші өтті»
03 мамыр, 2019 жыл 63 Басып шығару нұсқасы

Аллаға шүкір, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, біз қайта түлеудің маңыз­ды жолымен рухани жаңғыруды қолға алдық. Жүріп келе жатқан мақсатымыз айқын, бағытымыз анық. Аталған жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қасаң қағидалардан арыл­у, заман талабына сай озық ойлы болу ісінде көптеген еңбектер қажет. Осы тұрғыда Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің діни сауат ашу курсының әйел-қыздарға арналған бөлімінде «Қош келдің, қасиетті Рамазан» тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының бағыты бойынша өткізілген кеш барысында рамазан айының ерекшеліктері мен ораза ұстаудың рухани сырлары турасында насихат айтылды. Наиб имам Әлімжан Қазақбайұлы ҚМДБ-ның пәтуаларымен толығырақ таныстырып, ораза айындағы ерекше мән берілетін жайттарды түсіндіріп өтті. Ұстаз Жикенова Бақытгүл діни дәріске қатысушыларға арнайы дәм ұйымдастырып, кеш соңында марапаттау қағаздары мен сыйлықтар үлестірді. Аналар тобы жастармен жұмыс жүргізудің тәсілдерін жетілдіру ісінде тәжірибелерін алға тартты. Жастардың рухани және діни тәрбиесіне баса назар аударудың бүгінгі таңдағы қажеттілігі бағытқа алынды.  Ия, рухани жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Халқымыздың озық  дәстүрлерін табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу басты мақсатымызға айналуы тиіс. Себебі, қазіргі таңда жеке адам ғана емес, діни тұрғыда бәсекелік қабілетін арттырса, саналы діни түсінік қалыптастарсақ та­быс­қа жетуге мүмкіндік аламыз. Ата-бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлету – басты мақсатымыз.

 

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары