Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
03 мамыр, 2019 жыл 1594 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық сайыс өтті.

Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген еді.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге Қазақстандағы Қарилар комиссиясының мүшесі Жұманазар Садырханов, «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Садуақас Олжабай,ұстаз Оянғанұлы Бердібек және ұстаз  Мұхаммед Мусаббах өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Құран жарысына  қатысушылар  «Құран Кәрімнің 2 парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

Құранның 3  парасын жатқа оқу бойынша

І-орын -  Саяжанов Әділет (Көлік)

ІІ-орын -  Жарылғапов Ерлан (Үлкен қажылық)

ІІІ-орын -  Боранбай Нұржан (Кіші қажылық)

 

Құранның 2  парасын жатқа оқу бойынша

І-орын – Ераханов Темірлан  (300 000 тг);

ІІ-орын – Қали Сәкен (200 000 тг);

ІІІ-орын – Жаншаев Жарас  (100 000 тг).

Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары