Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ЗИРАТ БАСТАРЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)
05 мамыр, 2019 жыл 1713 Басып шығару нұсқасы

Хақ Ислам діні тазалыққа қатты мән берген. Бүгін, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ ның Қарағанды қалалық мешіт қызметкерлері мен жамағаты  сауабы мол істі жүзеге асыру мақсатында, «Жалаңтөс батыр» зиратының ішіндегі қоқыстарды жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шараға Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа басшылық жасап, қатысушыларға сауапты істер, тазалық жұмыстары жөнінде насихатын жеткізіп, жыл сайын қолға алынып отырған сауапты іске ұйытқы болып, тазалық жұмысына жұмыла атсалысқан барлық мұсылмандарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бейіттегі марқұмдардың рухына арналып қасиетті Құран бағышталды. Арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Қатысушы тұрғындар, жастар бейіт айналасындағы қоқыстарды жинастырып, артық шөптерін жұлып, толық тазартудан өткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары