Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЗЕКЕТ ҚОРЫ ОТЫЗ ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)
08 мамыр, 2019 жыл 398 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қасиетті Құран Кәрімде «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар)  деген жолдар бар.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында   Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша "Зекет" корпоративтік қоры және  Түркия елінің дін істері басқармасының демеушілігімен қайырымдылық шара жүзеге асты. Отызға жуық отбасына азық түлік үлестіріліп, қасиетті айда тағы да бір қайырымдылық өз жалғасын тапты. Алдағы уақытта Рахым айында атқарылатын шарапатты істер жүзеге аспақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары