Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы саябақта 400 ағаш отырғызылды (фото)
17 мамыр, 2019 жыл 746 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қаласының Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында 400 жасыл желек отырғызылды. Оның 250-і қарағай, 150-і жөке ағаштары.
Сенбілік кезінде кеншілер шаһарында жүздеген ағаштар отырғызылды. Оған облыс және қала әкімдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа және дін қызметкерлері қатысты.
- Менің алғашқы отырғызған ағашым әлі есімде. Бұл мектеп жылдары болған еді, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. - Біз сол кезде саябақ жасаған едік, жыл сайын ағаштар отырғыздық. Өткен аптада мен сол жерде болып қайттым. Бұл Шет ауданындағы Жарық стансасы, қазір ол Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталады. Бүгінгі таңда мен оқыған мектептер жоқ, ал саябақ әлі күнге дейін өсіп келеді.
Бүгін отырғызылған қарағайлар мен жөкелдерді Қарағанды саябақтары мен гүлзарлары басқармасының қызметкерлері күтетін болады. Ағаштарды желден қорғау үшін тіректерге байлайды және аптасына екі рет суарып отырады.
Ерлан Қошанов облыстың қалалары мен аудандарын көгалдандыру басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол осы салада жүйелік тәсіл қолдануды талап етті. Қазір Теміртауда дендрологиялық жоспардың екінші кезеңі әзірленуде. Ол қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қажет.
Сонымен қатар, жақын арада Балқашта «Жасыл кеңес» жұмыс істей бастайды.
Облыс әкімінің айтуынша, ағаштардың жерсінуі қатаң бақыланады. Сонымен қатар, сәуір айында құрылған жасыл желектердің электрондық картасы да көмектеседі. Онда Қарағандының барлық ағаштары мен бұталары, олардың жасы, түрі, мөлшері және жағдайы көрсетілген. Картаға жаңадан егілген көшеттер туралы мәліметтер енгізіледі. Осылайша, отырғызылған ағаштардың қанша болғанын тексеруге болады.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары