Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының өкілі жатақхана студенттерімен кездесті (фото)
21 мамыр, 2019 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды мемлекеттік техникалық универстетінің №1 жатақханасындағы студенттермен «Деструктивті діни ағымдар және жастар арасында оларға иммунитет қалыптастыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының инспекторы Күзекбай Б.Е., облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі "Жастар ісі" секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және университеттің аға оқытушысы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ж.А.Түсіпбеков қатысты.
Іс-шара мемлекеттің дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында жасалынды.
Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде жалған хақпараттардың жолын кесу, қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігі айтылды.
Сондай-ақ ғаламтордағы әлеуметтік желілерде теріс ақпарат таратушы топтардың қауіптілігі жеткізіліп, дін саласындағы дұрыс ақпаратты qogam.gov.kz, dincentr-krg.kz, muftiat.kz, каz-islam.kz, azan.kz, ihsan.kz секілді сайттарды қолдану қажеттігі түсіндірілді.

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары