Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ummet» интернет радиосы іске қосылды
30 мамыр, 2019 жыл 28 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітіне қарасты «Ummet.kz» рухани-ағарту сайтында интернет радио іске қосылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ғаламтор желісі арқылы аудиоақпарат тарататын «Ummet» радиосы тікелей эфирде жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сайттардың ішінде алғашқы болып осы форматта жұмыс істейтін интернет радиодан рухани біліммен сусындай аласыздар.

Айталық, ҚМДБ имамдары мен ұстаздарының бесін, жұма уағыздарын және тақырыптық сабақтардың аудионұсқалаларын тыңдай аласыздар. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ummet.kz» рухани-ағарту сайтындағы танымдық мақалалардың аудионұсқалары эфирде оқылады. Интернет радионы бөлек аша аласыз, сонымен бірге сайт арқылы да тыңдауға болады.  

ummet.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары