Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстан Президенті «Нұр Астана» мешітіне барды
06 маусым, 2019 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.

Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

– Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! – деп тіледі Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.
 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары